
Еске сала кетейік, кеше ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Алматы облысы әкімінің лауазымына тағайындауға ұсынған кандидатурасына келісім беру мәселесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес облыстық маслихаттың кезектен тыс XLVIII сессиясында күн тәртібіне қойылған болатын. Сессия барысында облыс әкімі лауазымына Амандық Баталовтың кандидатурасы ұсынылды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті хатын сессияға қатысып отырған ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсан Ахметов оқыды. Амандық Баталовты Алматы облысы әкімінің қызметіне тағайындау облыстық маслихат депутаттарының құзыреті шеңберінде келісілді. Өз кезегінде Амандық Баталов өзіне артылған зор сенім үшін алғысын білдіріп, облыс жұртшылығының игілігіне жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты.