
Осы шара аясында Қордың өңірлік бөлімшелерінің мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар және ақыл-кеңестер береді. Сонымен қатар шара барысында келуші азаматтар Қордың, тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің жұмысымен танысады. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік салалар бойынша көкейде жүрген сұрақтарына жауаптар және ақыл-кеңестер алуға мүмкіндіктері болады.
Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:
1) «БЖЗҚ» АҚ.
2) «МӘСҚ» АҚ.
3) Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығы.
4) Талдықорған қаласының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі.
Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.
Еске саламыз, «Ашық есік күні» шарасы Талдықорған қ., Жансүгіров к. 149 мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалында өткізіледі.
«БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы