Облыс әкімі Президент сайлауында дауыс берді

Облыс әкімі Президент сайлауында дауыс берді

Осы жерде журналистермен тілдескен облыс әкімі Амандық Баталов:

 

- Бүгін – бүкіл қазақстандықтар үшін мереке, Президент сайлауы күні. Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде, соның ішінде Алматы облысында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Жалпы біздің Алматы облысы – халық тығыз орналасқан үлкен облыс. Бізде 2 миллионнан астам тұрғын болса, соның 1 406 204-і - сайлаушылар. Сондықтан облыстағы әрбір сайлаушы өзінің дұрыс таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береді деп сенемін, - деді өз сөзінде.

 

Атап өтсек, Алматы облысында жалпы саны 1040 сайлау учаскесі бар.