Соңғы тәулікте 222 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте 222 адам коронавирус жұқтырды

14.05.21 жылғы мәлімет бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 23 890 дерегі тіркелген.

Соңғы тәулікте 222 адам ауырған, өсім деңгейі - 0,9%.

Соның ішінде Талдықорған қаласында - 51, Талғар ауданында - 48, Жамбыл ауданында - 20, Ұйғыр ауданында - 17, Іле мен Еңбекшіқазақ аудандарында - 15-тен, Панфилов ауданында - 13, Қарасай және Қаратал ауданында - 10-нан, Ескелді және Сарқан аудандарында - 7-ден, Текелі қаласында - 3, Алакөл - 2, Балқаш, Кербұлақ, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында - 1-ден.

Олармен барлығы 328 адам байланыста болған, олар медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде. 

01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 4225 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте анықталғаны - 64: Қаратал (20), Іле (12), Қарасай (10), Райымбек (4), Еңбекшіқазақ (3), Ақсу (1) аудандарында, Қапшағай (9), Талдықорған (4), Текелі (1) қалаларында. Сырқаттармен 122 адам байланыста болған, барлығы медбақылауға алынған, үй карантинінде. 

14.05.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 639127 адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 8262.

2068 адам ем қабылдауда, 49-ы - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 164 адам түсті, 210 адам ауруханадан жазылып шықты. Инфекциялық төсек орын толымдылығы - 43,1%.

Сол сияқты өткен тәулікте өңірде 388 адам COVID-19 инфекциясынан жазылды.