Талдықорғандағы Журналистер үйінде дөңгелек үстел өтіп, белгілі журналистер А.Идигов пен Ә.Әрін жастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, халқымыздың тарихи кезеңдері мен салт-дәстүріне құрметпен және мұқият қараудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Облыстың аудан орталықтарында және Талдықорған қаласында ел рәміздерін насихаттау мен дәріптеуге өз үлестерін қосқан азаматтарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осы тақырыпта өткен облыстағы шараларға мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жастар, БАҚ өкілдері - барлығы 40 мыңнан астам адам қатысты.