
12.05.21 жылғы мәлімет бойынша соңғы тәулікте облыста 162 адамның КВИ жұқтырғаны анықталды.
Соның ішінде Талғар ауданында - 40, Талдықорған қаласында - 29, Ұйғыр ауданында - 24, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында - 15-тен, Қарасай ауданында - 10, Панфилов ауданында - 8, Ескелді, Жамбыл, Көксу аудандарында - 4-тен, Қаратал ауданында және Текелі қаласында - 3-тен, Кербұлақ ауданында - 2, Ақсу ауданында - 1.
Барлығы 2280 адам ем алып жатыр, соның 48-інің хәлі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 149 адам түсті. Инфекциялық төсектердің толымдылығы - 47,5%.
Сонымен қатар өңірде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан 263 адам жазылып шықты.