Кәсіпкерлердің қаперіне!

Кәсіпкерлердің қаперіне!

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2019 жылдың 29 сәуірінен бастап 1 қарашаға дейін отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге 2019 жылға 10,4 млрд. теңге қарастырылған.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне тауарларды ілгерілету үшін шығындардың бір бөлігін өтеу мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) тауарлардың шетелдегі жарнамасына байланысты шығындар;
2) халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдерге тікелей қатысу шығындары;
3) шетелге таратуға арналған арнайы каталогты дайындау, шет тілдеріне аудару және басып шығаруға байланысты шығындар;
4) өкілдікті, сауда орнын және қойманы шет елде ұстау шығындары;
5) шетелде тауар таңбаларын (брендін) тіркеуге рәсімдерін атқару шығындары;
6) шетелде тауарларды сертификаттау рәсімдеріне байланысты шығындар;
7) тауарларды теміржол және/немесе автомобиль көлігімен жеткізуге байланысты шығындар (Қазақстан Республикасының шегінде).
Қосымша ақпарат алу үшін «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ экспорттаушыларының шығындарын өтеу орталығына 8/7172/ 983-781 ішкі (1082,141,1075,1142,1143,1145) телефон арқылы хабарласуыңызға болады