Барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2019 жылдың бірінші тоқсанында орындалу барысы туралы ақпарат

Барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2019 жылдың бірінші тоқсанында орындалу барысы туралы ақпарат

Есепті кездесулер барысында аудан, қала әкімдерінің және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер және кент әкімдерінің атына 619 ұсыныс айтылды (2018 жылы – 411), оның 111-і – жолдарды жөндеу мен салу, 47-сі –абаттандыру, санитарлық және экологиялық жағдай туралы, 74-і – білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының құрылысы, 60-ы – ауыз су мәселесі, 95-і – елді мекендерді электрмен, газбен, телефон байланысымен қамтамасыз ету, 6-уы – тұрғын үй, 22-сі – жер қатынастары, 204-і – өзге мәселер бойынша.

 

Есепті кездесулерінің қорытындысы бойынша 271 сұраққа түсініктеме берілді, 348-і бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 

Облыс әкімінің есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына төмендегі 12 мәселе енгізілген. Олардың орындалуы үстіміздегі жылдың екінші, үшінші, төртінші тоқсанындарына жоспарланған.

 

Атап айтсақ Балқаш көлі жағалауының инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу үшін мемлекеттік сатып алу басқармасына жіберілді.

 

Ауыл шаруашылығы басқармасы 2019 жылғы 12 қыркүйектегі №131 шартқа сәйкес 42,2 млн.теңгені "Кербұлақ ауданындағы Еңкөл-Аралтөбе су қоймасын күрделі жөндеу" жобасын түзетуге бөлді. Жоба қорытынды алу үшін "Мемсараптама" РМК-ның қарауына жіберілді.

 

Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы 20 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 351,8 млн.теңге бөлінді. "Real Stori Invest" ЖШС мердігерлік ұйымы құрылыс - монтаждау жұмыстарын бастады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі облыстық мәслихат сессиясының қарауына қаражат бөлу бойынша тиісті құжаттарды дайындауда.

 

"Геодезия Сервис" ЖШС жобалау ұйымы "Талдықорған қаласының "Үйтас" сумен жабдықтау желілерінің құрылысы" жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледі. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты бастау үшін облыстық бюджеттен 200 млн.теңге бөлінді.

 

Талдықорған қаласындағы 20 ауланы соның ішінде Ғ. Орманов көшесіндегі №43 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 20 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

 

Қаскелең қаласындағы 120 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үйлерге блоктық-модульдік қазандықтар орнату үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 15,3 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

 

Ағымдағы жылы санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж 5227 адамға облыстық бюджеттен 470,4 млн. теңге бөлінді. Ү.ж. 1 мамырына 1411 адам тегін жолдамалармен қамтамасыз етілді.

 

Облыстың медициналық ұйымдарын дамытудың үш жылдық перспективалық жоспарына сәйкес Панфилов ауданының Пенжім ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына тиісті құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Ұйғыр ауданындағы "КазРосБройлер" құс фабрикасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Газ құю цистерналарының және газ жолдарының шұралары толығымен жаңартылып, сыртқы және орамішілік жарықтандыру орнатылуда. 30 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Туризм басқармасы Шарын шатқалы аумағында туристік инфрақұрылым нысандарын салу үшін инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

 

"Алматы облысының Текелі қаласындағы қалдық қоймасын қалпына келтіру" жобасын іске асыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жоспарлануда.

 

Аудан және қала әкімдерінің есепті кездесулерінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына 171 ұсыныс енгізілген (2018 жылы – 149).                                                                        

 

2018 жылдың   бірінші тоқсанына 4 ұсынысты іске асыру   жоспарланып

 

(Панфилов, Ескелді, Көксу аудандары, Талдықорған қаласы), олар толығымен шешілді.

 

Сонымен, Панфилов ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған 11 ұсыныстың 1–еуі бірінші тоқсанға жоспарланып, іске асырылды.

 

Атап айтқанда, Нағарашы ауылындағы орта мектепті күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 12 млн.теңге бөлінді, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

 

Ескелді ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде айтылған Сырымбет ауылындағы инватакси қызметін көрсету қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауылдық округтер бойынша инватакси қызметін көрсету жөнінде түсініктеме берді. Аудандық "Жетісу шұғыласы" газетінде, аудан әкімінің сайтында, "В контакте", "Инстаграм"әлеуметтік желілерінде хабарландырулар орналастырылды.

 

Талдықорған қаласы әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесулерінде 10 ұсыныс енгізіліп, оның 1–еуі орындалды.

 

Яғни, "Көктал" тұрғын үй ауданына, саяжай массивтеріне кіре отырып, автобустың жүру маршруты реттелді.

 

Көксу ауданы әкімінің бірінші тоқсанға жоспарланған есеп беру кездесулерінде айтылған бір ұсыныс орындалды. Мұқыры ауылындағы қорғаныш су бұру арнасын тазалау жұмысы жүргізілді.

 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер және кент әкімдерінің есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша 165 ұсынысты орындау жоспарланған (2018 жылы – 157), оның ішінде бірінші тоқсандағы барлық жеті ұсыныс іске асырылды.

 

Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктерінің отырыстарында тоқсан сайын қаралып отырады.    Па

Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен өткізген есепті кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау жұмысы жалғастырылуда.вод