
Бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың есебін тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов рұқсат етілмеген құрылысқа жол бермеу мақсатында тиісті құрылымдық бөлімдердің бірлесіп жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Облыс басшысы, сонымен қатар жолдарын жаңғырту жүргізіліп жатқан «Алтын Орда» базары маңындағы аумақты тазарту мәселесіне де ерекше екпін түсірді. Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаевқа аталған аумақты бір аптаның ішінде талапқа сай ету, нысандарды сүрудің жоспарлы жұмыстарын жылдамдату, жинақталған қоқыстарды шығару сияқты тазалық және абаттандыру жұмыстарына назар аударуды тапсырды.