Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қолдауымен облыс орталығындағы кәсіпорында кең көлемде модернизация жүргізілгенін атап өтті. Соның нәтижесінде өткен жылы өндіріс көлемін 2,5 миллион аккумуляторға дейін артып, ТМД елдеріне, Германияға, Польшаға, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауға мүмкіндік алған. 

 

Қазақстан Президенті еңбек ұжымымен кездесу барысында, зауыттың бәсекеге қабілеттілігі нығайып, жаһандық нарыққа экспорттау мүмкіндіктерін арттыра алатындарына сенім білдірді.