
30.04.21 жылғы дерек бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық расталған 21123 жағдайы тіркелді.
Соңғы тәулікте 180 адамның ауырғаны анықталды, өсім деңгейі - 0,9%.
Соның ішінде Талдықорған қаласында - 30, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Талғар ауданында - 20, Іле ауданында - 12, Панфилов ауданында - 17, Көксу ауданында - 11, Ұйғыр ауданында - 10, Алакөл ауданында - 8, Қарасай, Қаратал аудандарында - 7-ден, Балқаш ауданында - 6, Жамбыл ауданында - 5, Сарқан, Кербұлақ аудандарында, Қапашағай және Текелі қалаларында - 4-тен, Ескелді ауданында - 3 дерек.
Олармен 429 адам байланыста болғаны белгілі болды, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 3694 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте - 36 дерек Қарасай (10), Еңбекшіқазақ (8), Райымбек (5), Кеген (2) аудандарында, Талдықорған (11) қаласында анықталды. Олармен 33 адам байланыста болған, олардың барлығы да медицина мамандарының бақылауына алынды, үй карантинінде.
30.04.21 жылы ПЦР тәсілімен 605858 адам зертханалық тексеруден өтті, соның ішінде соңғы 3 күнде - 10077 адам.
Қазір ауруханаларда 2443 адам ем алуда, соның ішінде 51 адам ауыр халде. Ауруханаларға бір тәулікте 217 адам түсті. 263 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 50,9%.