
27.04.21 жылғы жағдай бойынша, облыста зертханалық тексеруде расталған КВИ-мен ауырудың 20758 дерегі тіркелді.
Соңғы тәуілкте 268 адам ауырған, өсім деңгейі - 1,3%.
Соның ішінде Талдықорғанда - 102, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында - 28-ден, Іле ауданында - 19, Жамбыл ауданында - 17, Панфилов ауданында - 16, Қарасай ауданында - 15, Көксу ауданында - 11, Балқаш ауданында - 8, Ескелді ауданында - 7, Қаратал, Алакөл аудандарында, Текелі қаласында - 4, Ұйғыр ауданында - 3, Сарқан ауданында - 2.
Олармен байланыста болған 538 адам анықталды, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 3636 дерегі анықталды, соңғы тәулікте 39 - Қарасай (20), Іле (12), Еңбекшіқазақ (7) аудандарында. Олармен 49 адам байланыста болған, барлығы да үй карантинінде.
27.04.21 жылы ПЦР тәсілімен 598899 адам тексерілген, ал соңғы 3 к.нде тексерілген адам саны - 7755.
Ауруханаларда барлығы 2459 адам ем алуда, соның ішінде 50 адамның хәлі ауыр. Бір тәулікте ауруханаға 272 адам түскен. Жазылып шыққандар - 377 адам. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі - 51,2%.