
Талдықорғандағы Назарбаев даңғылы орталық алаңға кеп тіреледі. Осы орталық алаңда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасалған Тұңғыш Президент скеврі орналасқан. Скверде Елбасының монументі қойылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне арналған кешен жасалған. Сонымен қатар даңғыл бойында қазақ халқының белгілі қоғам қайраткерлеріне орнатылған ескерткіштер, 5 демалыс сквері, 1 орталық саябақ, әкімшілік және әлеуметтік ғимараттар орналасқан.