
Шараға қатысушылар биылғы жылы күшіне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы толыққанды және маңызды мәліметтерді, сондай-ақ өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес ала алады.
«Ашық есік күні» шарасы аясында мынадай сұрақтар көтеріледі:
- жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу рәсімі;
- азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату;
- Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу;
- бекітілген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін есептеу;
- зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтініш беру.
«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларды және барлық келем деушілерді «Ашық есік күні» шарасына шақырады.