Облыс әкімі А. Баталов «Жетісу» футбол клубының алдына жаңа міндеттер қойды

Облыс әкімі А. Баталов «Жетісу» футбол клубының алдына жаңа міндеттер қойды

Алдымен футбол клубының бүгінгі аяқ алысы туралы бейнеролик көрсетіліп, онда команда құрамы таныстырылды. Алдымен сөз алған бас жаттықтырушы Дмитрий Огай командаға отандық клубтардан және 1-ші лигада өнер көрсетіп жүрген төл «Жетісу-1» командасынан жалпы саны 7 жаңа ойыншы алынғанын атап өтті. Клуб бүгінге дейін оқу-жаттығу ойындарын сәтті өткізген. Барлығы 13 ойынның 6-уын жеңіспен аяқтап, 3-еуінде тең түскен. бас жаттықтырушы ойыншылардың жаңа кезеңге дайындығы берік екенін айтты.

 

Облыс әкімі Амандық Баталов «Жетісу» футбол клубының өткен кезеңді 6-шы орынмен аяқтағанын еске сала келе, биылғы міндет – 4-ші орынға жету, кемі 5-ші орынға табан тіреу екенін жеткізді.

 

- Клубқа қатысты қаржылық және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері шешілді, жағдай жасадық, құрамы айқындалды, командаға үздік жаттықтырушылар келді, енді тек қана жақсы ойын көрсетіп, алға қойған міндеттерге қол жеткізу керек. «Жетісу» футбол клубының негізі баяғыдан қалыптасқан, біздің облыста футбол ойнау дәстүр деуге де болады, команданың сан мыңдаған жанкүйері бар. Сондықтан сіздердің алдарыңызға мұндай мақсат қою заңды деп ойлаймын, - деді А. Баталов.

 

Кездесу соңында сөз алған команда капитаны Мантас Куклис облыс басшылығының футбол клубы үшін жасап отырған қамқорлығына шынайы ризашылығын білдіріп, Амандық Баталовқа футбол добы мен футболка сыйға тартты.