
Облыста Трансұлттық компаниялардың қатысуымен басталған 9 жобаның екеуі өткен жылы іске қосылды. Атап айтқанда, Іле ауданында «WILO» неміс компаниясының сорғы құралдарын өндіру зауыты ашылды, оның жылдық қуаты 2 мың сорғы шығаруға жетеді, инвестиция көлемі – 2,1 млрд. теңге.
Сол сияқты Қапшағай қаласында қазақстандық ұннан 30 түрлі тағам өнімдері мен полуфабрикаттар дайындайтын «Маревен Фуд» зауыты ашылды. Инвестиция көлемі – 15,4 млрд. теңге, 500-ден астам жұмыс орны ашылды. Олар өз өнімінің 80 %-тен астамын «Қазақстанда жасалған» брендімен Орта Азия елдеріне экспортқа шығарады.