Биылғы жылы экспортқа бағатталған үш ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр

Биылғы жылы экспортқа бағатталған үш ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр

Кербұлақ ауданында Сингапур-Қытай компанияларының қатысуымен қуаты жылына 1,2 мың тоннаны құрайтын «АлаЦем» цемент зауытын жүргізу жоспарланған. Мұндағы инвестиция көлемі – 47 млрд.теңге, 360 жаңа жұмыс орны қарастырылады.

 

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Феникс» және «Заря» компаниялары «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында екі комбикорм зауытын салып жатыр. Жылына 60 мың тонна өндіруге қуатты зауыттардың инвестициясы – 5,8 млрд. теңге, жоспарланған жұмыс орны – 135.

 

Соның нәтижесінде өңдеу өнеркәсібіне 87 млрд. теңге инвестиция тартылып, экспорт көлемі 6%-ке ұлғайып, 395 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.