Биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарланған

Биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жоспарланған

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы облысы ирригациялық желілерді қалпына келтіруге кірісті. Биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жерді айналымға қосу жоспарланған. Жалпы толық түгендеу жүргізіліп, қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды, үш жыл ішінде осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 10,3 млрд.теңге бөлінді. Бұл жайында бүгін Талдықорғанда өткен есеп беру жиынында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

 

Өткен жылы Ислам даму банкінен 19 млрд. теңгеге қаржыландыру басталды, бюджет қаражатын қосқанда 15 мың гектардан астам суармалы жер қалпына келтірілді.

 

«Биылғы жылы 25 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіретін боламыз. 2022 жылға дейін бұрын айналымнан шыққан 126 мың гектар суармалы жер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», - деді Амандық Баталов.