
«Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 28%-ке артып, 60 млн. АҚШ долларына жетті», - деді А. Баталов өзінің есепті баяндамасында.
Сол сияқты облыс басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін егістіктен тікелей дүкенге дейін жеткізу үшін оңтайлы логистика құру қажеттігін де атап өтті.
- Бұл мақсатта әлемге танымал "Ранжис" француз компаниясымен бірлесіп, күніне 1000 жүк көлігін өткізе алатын сауда-логистикалық хабтың құрылысы басталады. Инвестиция көлемі - 32,3 млрд.теңге, 7 мың жұмыс орны құрылады, - деді А. Баталов.