Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 220 дерегі тіркелді

Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 220 дерегі тіркелді

26.04.21 жылғы жағдай бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық расталған 20226 дерегі тіркелген. Өңір инфекцияның таралуы бойынша "сары" аймақта. 

Соңғы тәулікте облыста коронавирус инфекциясын 220 адам жүұтырғаны анықталды. Соның ішінде Талдықорғанда – 69, Ұйғыр ауданында - 19, Еңбекшіқазақ ауданында – 18, Іле ауданында – 17, Панфилов және Талғар аудандарында – 15-тен, Жамбыл ауданында – 11, Алакөл ауданында – 10, Кербұлақ ауданында – 8, Қарасай, Сарқан аудандары мен Текелі қаласында – 7-ден, Балқаш, Ескелді аудандарында – 6-дан, Көксу ауданында – 4, Кеген ауданында - 1 жағдай. 

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 3513 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте 30 дерек анықталды: Ақсу (3),  Еңбекшіқазақ (6), Қарасай (21) аудандарында. Олармен 58 адам байланыста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда. 

Ауруханаларда 2578 адам ем қабылдауда, соның 53-і ауыр халде. Бір тәулікте өңір ауруханаларына 207 адам түсті. 263 адам жазылып шықты. Инфекциялық стационардардың толымдылығы - 54 %.
25.04.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 593490 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны - 9165.