
«Бизнестің Жол картасы» шеңберінде 4,4 млрд. теңге бөлініп, 257 субъектіге қолдау көрсетілсе, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында облыста 1339 адам жалпы құны 6,1 млрд. теңге болатын микрокредит алған.
Сонымен қатар портфелінде 6,4 млдр. теңге бар «Даму» қоры арқылы да қолдау көрсетіліп отыр.
«Кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мен бос бағыттарды анықтау үшін «Атамекен» өңірлік палатасымен бірлесіп кәсіпорындарды скринингтеу жұмысы жүргізіледі. Бұл шаралардың барлығы биылғы жылы ЖІӨ-дағы ШОБ үлесін 28,5% -ке жеткізуге бағытталған», - деп атап өтті А. Баталов.
Өткен жылы шағын және орта бизнестің 100 жаңа нысанын ашу міндеттелген еді. Соның нәтижесінде жоспарланғандай 25,5 мың емес, 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.