
Мемлекет басшысының Алакөлге келген жұмыс сапарында берген тапсырмасын орындау барысында Үкіметтің қолдауымен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту, жағалауды бекіту жұмыстары жасалады, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері салынады.
«Біз туристік нысандарға апаратын көлік қатынасын реттеуде мақсатты жұмыстар атқарып жатырмыз. Мәселен, Көлсай көліне, Шарын шатқалына дейінгі жолдар жасалды, Балқаш көліне апаратын 140 шақырымдық жолды жаңғыртуға қатысты ірі жобаны жүзеге асыра бастадық», - деді А. Баталов өз баяндамасында.
Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақ Туризм» бірлесіп тау туризмі кластерін құруға кірісті. Мәселен, жыл басында инвестиция көлемі 30 млрд. теңге болатын «Ой-Қарағай-Лесная сказка» тау шаңғы паркі ашылды.
2020 жылға қарай тау шаңғы курорттарының қуаттылығы 2 есеге артады (2018ж. – 588 мың адам).