Облыста 2216 шақырым су желісі қайта жаңғыртылды

Облыста 2216 шақырым су желісі қайта жаңғыртылды

Облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, өңірде жуырдағы 2-3 жылда орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтуды қажет ететін 68 ауыл бар.

 

«Шағын қалаларда орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу мәселесі оңды шешілуде, ұзақ мерзімдік бағдарлама жасалды. Мысалы, өткен жылы Талғар қаласында газға қосылған 6 блоктық-модульдік қазандықтар орнатып, 538 тұрғыны бар 23 көппәтерлі тұрғын үйлерді қостық. Биылғы жылы Талғар қаласындағы тағы 84 үйді және Қаскелең қаласындағы 4 үйді қоспақпыз», - деді А. Баталов есепті кездесуінде.