
23.04.21 жылдағы мәлімет бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық расталған 19555 дерегі тіркелді. Өңір коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 195 дерегі тіркелді, өсім деңгейі - 1,0%. Соның 44-і - Талдықорғанда, 30-ы - Еңбекшіқазақ, 24-інде - Талғар, 20-дан - Іле, Қарасай, 14-і - Қаратал, 12-сі - Ұйғыр, 9-ы - Көксу, 7-еуі - Алакөл, 3-тен - Ескелді, Балқаш, Кербұлақ, 2 - Ақсу аудандарында, 4 - Текелі қаласында.
Олармен 405 адамның байланыста болғаны анықталған, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауда.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 3432 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте - 49: Қарасай (21), Іле (10), Еңбекшіқазақ (6), Жамбыл (1) аудандарында, Қапшағай (10), Талдықорған (1) қалаларында. Олармен 75 адам байланыста болған, олардың барлығы да медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.
22.04.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен 584 325 адам тексерілген, соның ішінде соңғы 3 күнде - 11028.
Бүгінгі күні ауруханаларда 2616 адам жатыр, соның 52-сі - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 229 адам түскен. 228 адам жазылып шыққан. Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі - 54,5%.