Елді мекендерді газдандыру жалғасуда

Елді мекендерді газдандыру жалғасуда

Текелі қаласында магистралды газ құбыры тартылып, жеке инвестиция есебінен қала ішінде, сол сияқты Ескелді, Көксу аудандарында газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Балқаш, Қаратал, Кербұлақ аудандарында «Бақанас», «Үштөбе», «Сарыөзек» 3 АГТС-тың құрылысы аяқталды, «Үштөбе» АГТС биылғы жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады.

 

Жалпы 2018 жылы облысты газдандыруға бюджеттен 13,2 млрд. теңге бөлініп, 31 млрд. теңге жеке инвестиция тартылған, бұл орайда бюджет қаржысының 1 теңгесіне жеке қаражаттың 3 теңгесі сәйкес келеді.