Биылғы жылы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,4, млрд. теңге жұмсалады

Биылғы жылы ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,4, млрд. теңге жұмсалады

Бүгінгі күні полиция қызметкерлері автокөлікпен, бейнетіркеу құралдарымен, бейнежетондармен, планшеттермен, компьютерлермен толықтай жабдықталған.

 

Учаскелік полиция инспекторлары үшін тұрғын үймен біріктірілген 162 учаскелік пункт салынды, 2019-2020 жылдары тағы 58-і салынады деп жоспарланып отыр.

 

Қоғамдық орындарда Полиция департаментінің пультіне қосылатын 968 бейнебақылау камералары орнатылған (соның ішінде Талдықорған қаласында - 871).

 

2019 жылы Қапшағай, Қаскелең және Жаркент қалаларына 500 камера қойылатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Алматы облысы әкімдігінің базасында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.