Бір тәулікте КВИ-мен 240 адамның ауырғаны анықталды

Бір тәулікте КВИ-мен 240 адамның ауырғаны анықталды

22.04.21 жылғы жағдай бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 19360 дерегі тіркелді. Өңір қазіргі кезде «сары» аймақта. 

Соңғы тәулікте КВИ-дің 240 дерегі тіркелді, өсім деңгейі - 1,3%. Соның ішінде Талдықорғанда - 42, Талғар ауданында - 30, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Ұйғыр және Іле аудандарында - 21, Қарасай ауданында - 20, Жамбыл ауданында - 18, Текелі қаласында - 16, Панфилов ауданында - 15, Алакөл - 8, Көксу - 6, Кербұлақ және Сарқан аудандарында - 4-тен, Ескелді ауданында - 3, Ақсу ауданында және Қапшағай қаласында - 2-ден.

Оларға барлығы 605 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталған, олар үй карантинінде, медициналық бақылауда. 

01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 3383 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте - 70: Қарасай (24), Алакөл (7), Еңбекшіқазақ (6), Ақсу (4), Райымбек (3), Кербұлақ (2), Жамбыл (1) аудандары мен Қапшағай (23) қаласында. 181 адамның байланыста болғаны анықталды, барлығы үй карантинінде, медбақылауда.

22.04.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен 580 611 адам тексерілді, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 9970.

2612 адам ем алуда, соның 52-сі - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 273 адам түсті. 270 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы - 54,5%.