
Б. Байжұмановтың айтуынша, қазіргі кезде жобалық кеңсенің жұмыс жоспары бекітіліп, оның кадрлық құрамы, жетекшісі мен бірлескен жетекшілері айқындалған. Биылғы жылдың алғашқы айында жобалық кеңсе жұмыс тобының 12 отырысын өткізген, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев азаматтар үшін қабылдау жасаған.
Кеңейтілген кеңес өткізіліп, онда білім саласы мен мемлекеттік кіріс органдарында қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша жобаларды іске қосу мүмкіндіктері талқыланғаны да атап өтілді. Соның нәтижесінде 2 жоба таныстырылды.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастамашы болған бірінші жоба – «Мемлекеттік қызметті жедел көрсету – дөңгелекті кеңсе» жобасында салық міндеттемелері бойынша есеп қабылдау үшін елді мекендерге шығатын арнайы безендірілген көлікті жабдықтау ойластырылған. Қазіргі кезде бұл мәселе ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, толықтырылуда.
Екінші жоба - «BilimMediaGroup» компаниясының ұсынып отырған кешенді ІТ-шешімдері білім саласындағы қызметтерді автоматтандыру арқылы сыбайлас жемқорлық қауіптерін төмендетуге бағытталған. Бұл ретте, атап айтқанда, кадрлар іріктеуде жекелеген технологиялық шешімдерге қатысты ұсыныстар қаралды.
Сөйтіп, «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.