
Барлық шаралар Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» орталығында құрылып, жұмыс істеп отырған жобалық кеңсе жоспарына енгізілген.
Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің айтуынша, өткен жылы шаралар тізіліміне сәйкес «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары бойынша облыста жалпы сомасы 9 млрд. теңге болатын 323 жоба мен шара жоспарланған болатын. Соның ішінде барлығы 4,8 млрд. теңге қаржыға 251 жоба іске асырылды. Сонымен қатар «Туған жер» бағдарламасы бағытында облыстың кәсіпкер азаматтарының қолдауымен 3,8 млрд. теңгеге барлығы 376 жоба іске асырылғанын да айта кеткен жөн.