Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

Гаухар Жексенбайқызы ШОҚАНОВА

1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, «Болашақ» бағдарламасымен Лондонның Жаһандық университетін экономист, мемлекеттік қызмет менеджері, юриспруденция, жобалық менеджер мамандықтары бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын Астана қаласында Электронды мониторинг департаменті жер қойнауын пайдалану басқармасының мұнай, газ және энергетика бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

 

Әр жылдарда ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Ұйымдастыру жұмыстары басқармасының Төлемге қабілетсіз және дәрменсіз кәсіпорындардың реестрі мен мониторингі бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің бас сарапшысы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің кеңесшісі, «Медикер» ЖШС PR-менеджері, «Казтранссервис» АҚ жетекші заңгер-консультанты, корпоративтік даму бөлімінің бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.

 

2018 жылдың қарашасынан – Алматы облысы әкімінің кеңесшісі.