
Нысанның жұмысымен таныстырған «Жаңа Ақтасты» ЖШС өкілдерінің айтуынша, шаруашылық базасына Ақтасты ауылындағы репродуктор мен 6000 басқа арналған бордақылау алаңы, Саты ауылындағы 100 Көшім жылқысы мен 400 меринос қойын өсіріп отырған 600 басқа арналған репродуктор, сол сияқты Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында бордақылау алаңы бар тəулігіне 10 тоннаға дейін ет өңдейтін, құрылысы өткен жылы аяқталған ет өңдеу кәсіпорны кіреді. Жоғары сапалы дайын ет өнімі отандық нарықта саудаланады, таяу шетелдер мен Қытайға экспортқа шығару жоспарлануда.
«Жаңа Ақтасты» ЖШС мал шаруашылық базасында 22 бөлімге арналған бұзаулау орындары, 26 бөлімге арналған госпиталь, ветеринариялық қызмет көрсету ғимараты, азықтың əр түріне арналған 4 қойма ангары, сол сияқты ірі қараны қолда өсіруге арналған 18 қаша бар. Егуге арнап қан жинау, бойы мен салмағын өлшеу жүйесі автоматтандырылған.
Мұнда өзінің жеке мал азығы дайындалады. Малды қолда ұстау барысында пішендеменің сан түрі азық ретінде пайдаланылады. Оның ішінде түрлі шөптер, жоңышқа, жүгері мен арпа, сұлы, мақсары, асбұршақ та бар. Бұлар мал басының сапалы түрде салмақ қосуына көмектеседі. Себілген көп жылдық шөптердің əр гектарынан құрамында 20 проценттік протеині бар 4-тен 5 тоннаға дейін шөп алынады. Жылына екі рет шауып алынады.
Атап өтсек, база жұмысшыларына бар жағдай жасалған. Ыстық жəне сауық су жүйесіне қосылған 8 екі бөлмелі тұрғын үйлері бар. Онда душ бөлмелері бар, жұмысшыларға үш реттік тегін тамақ беретін асханасы жұмыс істейді. 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Облыс əкіміне шаруашылық жұмысы туралы баяндалған нысан өкілдері 2-3 жыл көлемінде жайылымды кеңейтіп, өсірілетін азықтық дақылдар көлемін ұлғайту үшін қосымша 2 мың га жер бөлуді сұрады. Амандық Баталов бұл мəселені қарастыру керектігін тапсырды.
Амандық Баталов шаруашылықтың одан əрі дамуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар облыстағы осындай нысандардың жүйелі жұмысының арқасында Мемлекет басшысының маңызды тапсырмаларының бірі ет экспортының əлеуетін еселеп арттыра алатынындығын айтты.