
- Жан дүнием қалаған кезде өлең жазамын, көңіл толқынысымды, ойларымды сыртқа өлеңмен шығарғанды жақсы көремін. Менің әдеби әдіс-тәсілдерден хабарым жоқ, бұл – тек хоббиім. Өзім үшін ғана қағазға түртемін, өлеңді қазақша да, орысша да жазамын, - деген А. Баталов кездесу соңында жастарға екі өлең оқып берді. Біріншісі өзінің өмір жолы, ғұмыр баспалдақтары жайлы болса, екіншісі ұлына арналған.