Жаркент көп салалы колледжіндегі жағдайға байланысты арнайы комиссия жұмыс істеуде

Жаркент көп салалы колледжіндегі жағдайға байланысты арнайы комиссия жұмыс істеуде

Мониторинг барысында Алматы облысындағы Жаркент көп салалы колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушысын соққан оқиға анықталды. Қазір осы мәселеге байланысты облыста арнайы комиссия құрылып, Жаркентте жұмыс істеуде. Комиссия жұмысы тікелей облыс әкімінің бақылауында болады.

 

Қазіргі кезде педагог жұмыстан шеттетілді. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір педагогқа қатысты ҚР ҚК 140 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.