Өткен тәулікте 232 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 232 адамнан коронавирус анықталды

16.04.21 жылғы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-дің зертханалық расталған 18082  дерегі тіркелді. Өткен тәулікте 232 адамнан коронавирус анықталды. Өңір әлі де "қызыл" аймақта.

Тіркелген деректің 44-і - Талдықорғанда, 38-і -Іле, 33-і - Талғар, 30-ы - Жамбыл, 29-ы - Еңбекшіқазақ, 13-і - Ұйғыр, 11-і - Панфилов, 10-ы - Қарасай, 5-еуі - Сарқан аудандарында, Ескелді ауданы мен Қапшағай қаласында – 4-тен, Көксу және Балқаш аудандарында – 3-тен, Кербұлақ пен Алакөл аудандарында - 2-ден,  Ақсу ауданында –  1.

Сырқаттармен байланыста болған 452 адам анықталды, олар үй карантинінде, медициналық бақылауда. 

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 3068 дерегі тіркелген, ал соңғы тәулікте 10 жағдай Еңбекшіқазақ (6), Жамбыл (3), Ақсу (1) аудандарында тіркелді. Олармен 27 адам байланыста болған, бәрі де үй карантинінде және медицина мамандарының бақылауында. 

Ауруханаларда 2617 адам ем алып жатыр, соның 25-і – ауыр халде. Бір тәулікте 296 адам ауруханаға жатқызылды. 226 адам емделіп шықты. Инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы - 60%.

Соңғы 3 күнде ПЦР тәсілімен 11 108 адам тексерілді.