
Акция шеңберінде Алматы облысындағы «Айналайын» балалар үйі мен Бағанашыл ауылындағы № 1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, сол сияқты өңірдегі балалар үйірмелерінің қатысушылары дайындаған түрлі қолөнер бұйымдары аукционға шығарылды. Облыс әкімі мен орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, аудан, қала әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, өңірдегі кәсіпкерлер қатысқан аукцион қорытындысында 7 млн. теңге шамасында қаржы жиналды.
Осы шарадан түскен қаржы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға, сол балалар үйлерінің қажеттілігі үшін беріледі.