
Мәрлен Қапашұлы КӨЛБАЕВ
1976 жылы туған. «Жетісу» институтын, Ө. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын экономист-менеджер, заң бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талдықорған қалалық ІІБ күзет бөлімінің күзетшісі болып бастаған.
Әр жылдарда Талдықорған қ. ІІБ күзет бөлімінің полиция қызметкері, «Шаған» сауда үйі ЖШС күзетшісі, «Жетісу» экономикалық институтының күзетшісі, техникалық директоры, әскери-тіркеу үстелі мен кадр бөлімі инспекторының міндетін атқарушы, қабылдау комиссиясының хатшысы, № 2 оқу корпусының директоры, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің проректоры, біліктілік арттыру жөніндегі институт директоры, «Жетісу» экономикалық институты ректорының міндетін атқарушы, «Талдықорған қалалық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің бастығы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ агроөнеркәсіптік кешен департаментінің, Жобаларды басқару департаментінің бас менеджері, «ЖетісуАгроСауда» ЖШС Талдықорған аймақтық өкілі, бастығы, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.
2015 жылдың мамыр айынан – Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.