Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 226 адам жұқтырғаны анықталды

Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 226 адам жұқтырғаны анықталды

14.04.21 жылғы жағдай бойынша облыста КВИ жұқтырудың зертханалық расталған 17360 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте айырғандар саны - 226, өсім деңгейі – 1,3%. Соның ішінде Талдықорғанда - 53, Еңбекшіқазақ ауданында - 33, Панфилов ауданында - 29, Іле ауданы - 27, Талғар ауданында - 23, Жамбыл және Көксу аудандарында - 16-дан, Қарасай ауданында - 10, Ескелді ауданында - 5, Ақсу, Балқаш Кербұлақ аудандарында - 3-тен, Ұйғыр ауданында және Қапшағай қаласында - 2-ден, Алакөл ауданында - 1.

Олармен 415 адам байланыста болған, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауға алынған. 

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 3038 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте 78 адам ауырған: Қарасай ауданында - 32, Қапшағай қаласында - 25, Талдықорған қаласында - 10. Еңбекшіқазақ ауданында - 6, Жамбыл ауданында - 3, Райымбек және Ақсу аудандарында - 1-ден.  Олармен 123 адам қарым-қатынаста болған, барлығы да медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде. 

14.04.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 552907 адам өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны - 7190.

Ауруханаларда 2510 адам ем алуда, олардың 25-інің жағдайы ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 241 адам түскен. 198 адам жазыдып шықты. Инфекциялық төсен-орынның толымдылығы - 61%.