According to the results of the first quarter, Zhetysu occupies a leading position in socio-economic development

According to the results of the first quarter, Zhetysu occupies a leading position in socio-economic development

Алматы облысы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша көшбасшылар қатарында. І тоқсанның қорытындысы бойынша өңірде 7  негізгі көрсеткіштің 6-уында өсім бар. Бұл туралы селектор режимінде өткен Үкімет жиынында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Мәселен, облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі өңдеу өнеркәсібінің есебінен 14,8% ұлғайып, 318,2 млрд. теңгеге жеткен.

Ауыл шаруашылығында өсім 1,6% құрап, 102,2 млрд.теңгеге жеткен, ет пен сүт өндіру артқан. 

85,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, 8,6% өскен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,9% ұлғайды. 206,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 107,7%. 

Жалпы облыста 14 219 жұмыс орны құрылды, соның 3 649-ы - тұрақты жұмыс орны.        

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.