
13.04.21 ж. жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-дің зертханалық расталған 17134 жағдайы тіркелді.
Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 263 адам жұқтырған, өсім – 1,6%.
Соның ішінде Талдықорғанда - 50, Ұйғыр ауданында - 38, Жамбыл ауданында - 32, Еңбекшіқазақ ауданында - 28, Панфилов ауданында - 24, Көксу ауданында, Қапшағай қаласында - 14-тен, Қарасай ауданында - 13, Талғар ауданында, Текелі қаласында - 12-ден, Іле ауданында - 11, Кербұлақ ауданында - 6, Алакөл ауданында - 4, Балқаш, Кеген аудандарында - 2-ден, Қаратал ауданында - 1.
Олармен 602 адамның байланыста болғаны анықталып, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауға алынған.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 2960 дерегі тіркелген.
Соңғы тәулікте 58 жағдай анықталды: Қарасай ауданында - 37, Сарқан ауданында - 8, Ақсу ауданында - 6, Еңбекшіқазақ ауданында - 5, Жамбыл ауданында - 1. Олармен байланыста болған 152 адам анықталды, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауда.
13.04.21 жылғы жағдай бойынша, ПЦР тәсілімен 549677 адам зертханалық тексеруден өткен, соның ішінде соңғы 3 күнде тексерілгені - 7314 адам.
Ауруханаларда 2473 адам ем алуда, оның 26-сы - ауыр халде.
Соңғы тәулікте ауруханаларға 236 адам түсті, 210 адам жазылып шықты. Инфекциялық стационарлардағы төсек-орындардың толымдылығы - 55%.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.