
Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында облыстағы барлық кәсіпорындармен жалақысы төмен жұмысшылардың айлығын көтеру туралы жұмыстар жүргізілген.
«Бүгінгі күні 43503 кәсіпорындағы 79,4 мың жұмысшы төмен жалақы алады. Қазіргі кезде 14 мың жұмыс беруші 32 мың жұмыскерінің жалақысын көтеруге дайын. Бюджеттік ұйымдардың 41 мың қызметкерінің жалақысы орта есеппен 35% өседі. Сол сияқты 2019 жылдың 1 қаңтарынан 133,5 мың адам Президенттің салықтық жүктемені төмендету жөніндегі бастамасынан кейін жоғары жалақы алатын болады», - деді А. Баталов.
Жыл басынан бері облыстағы орташа айлық жалақы 5% өсіп, 114 мың теңгені құрап отыр. Халықтың нақты ақшалай кірісі 0,8%-ке өскен.
Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерінде тарифтерді төмендету мақсатында монополистермен жұмыс жүргізілді. Мәселен, «Қапшағайжылу» тарифті 77%, «Талдықорғанжылусервис» - 16,3%, «Жетісу Энерготрейд» - 2,4% төмендетті.
«Көмір бағасын төмендету үшін көмір қоймаларымен тікелей келісімшартқа отыратын бірыңғай операторды белгілеу мәселесі қарастырылуда. Мұндай шараларды жүзеге асыру арқылы көмірдің бір тоннасының бағасын 800-2,5 теңгеге арзандатуға мүмкіндік туады», - деді А. Баталов.