Амандық Баталов: «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді жолы»

Амандық Баталов: «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді жолы»

«Осы ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерінің көмегімен білім және денсаулық салаларының бірқатар мәселелерін шешіп келе жатқанымызды айтқым келеді. Ертең республикада тұңғыш рет қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңнен анықтау орталығы ашылады, келесі жылы Позитрондық эмиссиялық томография орталығын жаңғырту мен іске қосу жобасы жүзеге асырылады», - деді А. Баталов.

 

Сонымен қатар бүгінгі күні полиция қызметкерлері автокөліктермен, бейнетіркегішпен, бейнежетондармен, планшеттермен, компьютерлермен жабдықталған. Учаскелік полиция инспекторлары үшін тұрғын үймен біріктірілген 147 учаскелік пункттер салынды, жыл соңына дейін 20-сы пайдалануға беріледі, ал 2019-2020 жылдары тағы 55-сі салынады. Қоғамдық орындарда 968 бейнебақылау камерасы орнатылса, соның 871-і - Талдықорғанда.