
Алматы облысында балаларды мектепке дейінгі білім мекемелерімен қамтуды 100% қамту міндеті сәтті жүзеге асырылуда. Биылғы жылы қамту көрсеткіші 98% жеткізіледі. Жалпы облымтағы 616 балабақшаның 433-і немесе 70,3% жекенменшік. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.
Брифингіде айтылғандай, балалардың өмір қауіпсіздігін ескере отырып, бүгінгі күні 1092 білім мекемесінде немесе 72%-де бейнебақылау камералары орнатылған, ал 2019 жылы қамту 100% жеткізіледі.
Президенттің бастамалары шеңберінде облыстағы 8 колледждің жатақханасының құрылысы үшін жер учаскесі белгіленіп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.