«Нұрлы жер» бағдарламасымен 72 тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Нұрлы жер» бағдарламасымен 72 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Брифингіде белгілі болғандай, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биылғы жылы Алматы облысында жалпы алаңы 34,3 мың шаршы м. болатын 72 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Облыста барлығы 706 мың шаршы м. тұрғын үй беріледі. «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 26 массив белгіленді, онда жалпы алаңы 4,1 млн. шаршы м. болатын 2606 тұрғын үй салу жоспарланған. Бастапқы жарнасын төмендету үшін жыл сайын медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің, полиция қызметкерлерінің тұрғын үй сертификаттарына 1 млрд. теңгеден бөлу жоспарланып отыр.

 

«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың 2025 жылға дейін созылуы орталықтандырылған су жүйесімен 100 % қамтуға, жолдардың сапасын 77%-тен 90% жақсартуға, 1 адамның тұрғын үймен қамтылуын 26 шаршы метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді», деп атап өтті А.Баталов.