Шағын және орта бизнесте Алматы облысының әрбір төртінші тұрғыны жұмыс істейді

Шағын және орта бизнесте Алматы облысының әрбір төртінші тұрғыны жұмыс істейді

«Биылғы жылы біз қуаттылығы әртүрлі 100 жаңа нысан ашуды міндетімізге алғанбыз. Бүгінгі күнге соның 88-і іске қосылып, онда 1742 жаңа жұмыс орындары ашылды. Мемлекет кәсіпкерлерге бизнесін табысты жүргізуге зор қолдау көрсетіп отыр. «Бизнестің Жол картасы» шеңберінде 4,4 млрд. теңге бөлініп, 209 субъектіге қолдау көрсетілді, сондықтан бағдарламаның 2025 жылға дейін созылғаны біздің кәсіпкерлерді қуантып отыр», - деді А. Баталов.

 

Сонымен қатар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында облыста 1149 адам жалпы құны 5,5 млрд. теңге болатын микрокредит алған. Соның ішінде стартап-жобаларды қолдауға - 840 адам, 3,8 млрд. теңге, қанатқақты кооперациялық жобаларды жүзеге асыруға - 43 адам, 395,1 млн. теңге, бизнесті кеңейтуге - 266 адам, 1,2 млрд. теңге.