
Алматы облысының мал шаруашылығында мал басы мен оның өнімі орташа 3,7%-ке өсті. 92 бордақылау алаңы жұмыс істеп, сиыр етін өндіру 7%-ке артты, 1 мың тонна ет экспортталды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.
Өңірде жалпы қуаты 91 мың тонна 5 ет комбинатының құрылысы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 8 мың тонналық «Империя Фуд», әрқайсысы 16 мың тонналық «ЛунюаньЖетісу» және «Қайыңды», 21 мың тонналық «Inalca» және 30 мың тонналық қуаттағы «Бауман»ды атап өтуге болады.
Сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін биылғы жылы 7 отбасылық сүт-тауар фермалары құрылды, барлығы 68 сүт-тауар фермасы болса, олар облыс бойынша сүттің 20%-ін өндіріп отыр.
2021 жылға қарай отбасылық сүт-тауар фермаларын құру есебінен сүт зауыттары сапалы сүтпен толықтай қамтамасыз етілетін болады.