
07.04.21 жылғы жағдай бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 15285 дерегі тіркелді.
Соңғы тәулікте 280 адамның ковид инфекциясымен ауырғаны тіркелді, өсім деңгейі – 1,9%. Соның ішінде Талдықорған қаласында – 54, Панфилов ауданында – 33, Қарасай ауданында – 30, Еңбекшіқазақ ауданында – 27, Талғар ауданында – 26, Балқаш ауданында – 23, Іле ауданында – 22, Көксу ауданында – 16, Кербұлақ ауданында – 12, Ұйғыр ауданында – 11, Қапшағай қаласында – 8, Жамбыл ауданында – 7, Қаратал – 5, Райымбек, Кеген аудандарында және Текелі қаласында – 2-ден.
Сырқаттармен 636 адам байланыста болғаны анықталды, олардың барлығы үй карантинінде және медициналық бақылауда.
01.08.20 жылдан бастап анықталмаған пневмонияның 2799 дерегі анықталды, ал соңғы тәулікте 18 жағдай тіркелді: Алакөл ауданында - 7, Балқаш ауданында - 1, Қапшағай қаласында - 10. Байланыста болған 37 адамның бәрі үй карантинінде, медициналық бақылауда.
07.04.21 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 532615 адам зертханалық тексеруден өткен. Соңғы 3 күнде 7435 адам тексерілді.
Ауруханаларда 2019 адам ем алуда, соның 26-сы - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаға 151 адам түсті, 113 адам жазылып шықты. Инфекциялық стационарлардың толымдылығы - 53%.