
5.04.21 жылғы жағдай бойынша, облыста КВИ-дің зертханалық расталған 14727 дерегі анықталды. КВИ-дің таралу деңгейі облыста салыстырмалы түрде соңғы 2 аптада 0,8%-тен (22.03-28.03) 1,7%-ке (29.03-04.04) артқан.
Соңғы аптада коронавирустың 255 жағдайы тіркелді, өсім деңгейі – 1,8%. Соның ішінде Талғар ауданында - 48, Еңбекшіқазақ ауданында - 37, Талдықорған қаласында - 35, Панфилов ауданында - 27, Іле ауданында - 22, Қарасай, Көксу аудандарында – 20-дан, Балқаш ауданында - 18, Ұйғыр ауданында - 10, Жамбыл ауданында - 7, Қаратал ауданында - 5, Ескелді ауданында - 3, Алакөл ауданында - 2, Кеген ауданында - 1.
Олармен барлығы 642 адамның байланыста болғаны анықталды, бәрі де үй карантинінде және медициналық бақылауда.
01.08.20 жылы анықталмаған пневмонияның 2760 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 8 жағдай: Еңбекшіқазақ ауданында – 7, Талдықорған қаласында – 1. Байланыста 17 адам болғаны анықталды, олардың бәрі медбақылауға алынған, үй карантинінде.
Ауруханаларда 1936 адам ем алуда, оның 25-і – ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 147 адам түскен. 77 адам жазылып шықты.
Инфекциялық төсек орындардың жүктемесі - 51%.
5.04.21 жылғы жағдай бойынша ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 527 463 адам өткен. Соңғы 3 күнде 7881 адам тексерілді.