
Өткен тәулікте Алматы облысында КВИ-дің 239 дерегі тіркелді. Өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді. Соның ішінде Талдықорғанда - 49, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында - 31-ден, Жамбыл ауданында – 25, Панфилов ауданында – 19, Қарасай ауданында – 18, Талғар ауданында – 15, Қапшағай қаласында – 12, Қаратал, Кербұлақ аудандарында – 8-ден, Көксу ауданында – 7, Алакөл – 6, Ұйғыр ауданында және Текелі қаласында – 4-тен, Балқаш ауданында – 2 жағдайдан.
Олармен қарым-қатынаста болған 522 адам анықталды, барлығы да үй карантинінде, медициналық бақылауға алынған.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 2670 дерегі тіркелген. Ал соңғы тәулікте - 8 дерек: Сарқан ауданында (4), Кеген ауданы мен Талдықорған қаласында (2-ден). Байланыста болған - 21 адам, олардың барлығы үй карантинінде, медицина мамандарының бақылауында.
02.04.21 ж. жағдай бойынша ПЦР тәсілі арқылы зертханалық тексеруден 519 582 адам өтті. Соңғы 3 күнде 8295 адам тексерілді.
Ауруханаларда 1558 адам ем алуда, оның 23-і – ауыр халде. Бір тәулікте 205 адам ауруханаға түскен.
Сол сияқты өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан 43 адам жазылып шықты.