Бір тәулікте КВИ-мен ауырған 220 адам анықталды

Бір тәулікте КВИ-мен ауырған 220 адам анықталды

01.04.21 ж. облыста КВИ-дің зертханалық расталған 13 697 дерегі анықталды. КВИ-дің облыс бойынша салыстырмалы түрде алғандағы 2 аптадағы өсім деңгейі 0,8%-тен (18.03-24.03) 1,1%-ке (25.03-31.03) жетті. Өңір коронавирустың таралу деңгейіне қарай «қызыл аймаққа" өтті. 

Соңғы тәулікте КВИ-дің 220 жағдайы тіркелді. Соның ішінде Талғар ауданында - 44, Іле ауданында - 27, Еңбекшіқазақ ауданында - 25, Талдықорған қаласында - 22, Панфилов ауданында - 21, Қарасай ауданында - 19, Жамбыл ауданында - 14, Текелі қаласында - 12, Қаратал ауданында - 10, Балқаш ауданында - 8, Ескелді ауданында - 5, Алакөл ауданында - 4, Райымбек ауданында - 3, Көксу, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында - 2 жағдайдан.

Сырқаттармен 702 адамның байланыста болғаны белгілі болды, олар медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 2662 жағдайы тіркелген, ал бір күнде 36 жағдай орын алған: Қарасай ауданында - 18, Еңбекшіқазақ ауданында - 5, Кербұлақ, Кеген аудандарында - 3-тен, Талдықорған қаласында - 7. Олармен байланыста болған 91 адам анықталды, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

01.04.21 ж. жағдай бойынша 516 928 адам ПЦР әдісімен зертханалық тексеруден өтті. Соңғы 3 күнде 7228 адам тексерілді.

Ауруханаларда 1466 адам ем алуда, 23-і - ауыр халде. 

Бір тәулікте ауруханаға 124 адам түсті.

Сауыққан адамдар саны - 134 адам.