Картоп жинау көрсеткішін 800 мың тоннаға дейін өсіру көзделген

Картоп жинау көрсеткішін 800 мың тоннаға дейін өсіру көзделген

Алматы облысында жаңа бағыт – өнеркәсіптік картоп шаруашылығын дамыту қолға алынды. Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осылай деді.

 

А. Баталовтың мәліметінше, Кеген және Райымбек аудандарында картоптың элиталық сұрыптары 100 гектарға егілді, 2 сервистік дайындау орталығы құрылып, оларға 21 бірлік техника сатып алынды.

 

2020 жылға қарай картоптың егіс алқабы 4,5 мың гектарды құрайтын болады, жоғары сұрыпты картоптың 135 мың тонна тұқымдық материалы алынып, барлық қалған алқаптарға себіледі.

 

Картоптың жалпы жиынын 722 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған, бұл алдағы уақытта іске қосылатын «Фармфритц» картоп өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.